Қазақстан әкімдерінің маңызды кемшілігі туралы Тоқаев мәлімдеді

Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы әкімдердің жұмысында елеулі олқылық бар екенін айтты. Бұл туралы dailykz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Президенттің айтуынша, ол жуырда Астанадағы Инклюзивті спорт орталығында болған. Мемлекет басшысы осындай нысандарды тек елордада ғана емес, өңірлердің барлығында салу қажет екенін ерекше атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке әкімдермен бірлесіп бұл мәселені жан-жақты зерделеп, шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Оның пікірінше, инклюзивті спорт орталықтары әрбір облыста қолжетімді болуы тиіс.
Президент әкімдердің бұл бағыттағы әрекетсіздігін нақты кемшілік деп бағалады. «Біз – әлеуметтік мемлекетпіз. Сондықтан әлеуметтік міндеттемелерді орындау әрдайым басты назарда болуы керек. Биыл зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге 5,9 трлн теңге бөлінді. Ал келесі жылы бұл көрсеткіш тағы 10 пайызға өседі», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан әкімдерінің маңызды кемшілігі туралы Тоқаев мәлімдеді




