Қазақстан боксының болашағы: Рой Джонс жаңа деңгей ұсынды

Эфир барысында Рой Джонс Қазақстанда жаңа бокс алаңын құру идеясын ортаға салды. Оның айтуынша, қазіргі таңда бокс қайтадан қарқын алып келеді.
«Қазір бокс анық өрлеу үстінде. Менің ойым — Қазақстанға жиі келіп, мұндағы кәсіпқой бокстың деңгейін қалай көтеруге болатынын зерттеу. Неге міндетті түрде АҚШ немесе Ұлыбританияға бару керек? Біз мұнда, Қазақстанның өзінде, мықты алаң құра аламыз ғой», — деді экс-чемпион.
Рой Джонстың пікірінше, әлем түбегейлі өзгерген. Әсіресе әлеуметтік желілердің ықпалы спорттың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.
«Уақыт қатты өзгерді. Әлеуметтік желілердің арқасында ақпарат бір сәтте бүкіл әлемге тарайды. Неге боксшы Қазақстанда жүріп-ақ әлем чемпионы бола алмайды? Бұл туралы барша әлем білетін еді. Ол осында өмір сүріп, осында жаттыға алады. Қазіргі заманда бұл әбден мүмкін. Мен осы бағытта бір нәрсені өзгертіп көруге тырысып жүрмін. Тек осылай ғана нәтижеге жете аламыз. Соңында не боларын уақыт көрсетеді», — деп түйіндеді Рой Джонс.




