Қазақстанда бала туғанда берілетін төлемдер » Daylikz.com
Новости Казахстан

Қазақстанда бала туғанда берілетін төлемдер

2025 жылы мемлекеттік жәрдемақылар мен МӘӘҚ жүйесі бойынша төлемдер бала туып, оны 1,5 жасқа дейін күтіп-бағуға арналған 535,4 мың адамға берілді.
Жалпы төлем сомасы – 749 млрд теңге, деп хабарлайды inAktau.kz.

Негізгі төлем түрлері

  • Бала тууға берілетін біржолғы жәрдемақы
    Биылғы жылы оны 312,2 мың адам алды, жалпы сомасы 56,4 млрд теңге.
  • Бала күтіміне байланысты жәрдемақы (1,5 жасқа дейін)
    МӘӘҚ жүйесіне қатыспайтындарға орта есеппен 125 мың адамға төленген, жалпы көлемі — 40,2 млрд теңге.
  • Жүктілік және босану бойынша жұмыс істейтін азаматтарға берілетін төлемдер
    Бұл төлемді 187,2 мың адам алды, жалпы сомасы 260 млрд теңге.
    Орташа төлем мөлшері 1,4 млн теңгеден асты.
  • 1,5 жасқа дейін бала күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем
    МӘӘҚ жүйесіне қатысушыларға223,2 мың адамға, төлем көлемі — 392,4 млрд теңге.
    Орташа төлем мөлшері — айына 86,2 мың теңге.

Индекация

  • Жәрдемақы мөлшерлері МРП (минимум ең төменгі есептік көрсеткіш) мөлшеріне байланысты белгіленеді.
  • 2025 жылдан бастап 6,5%-ға индекстелді.

Бала тууға арналған біржолғы жәрдемақы мөлшері

  • 1-ші, 2-ші және 3-ші бала38 МРП (149 416 теңге)
  • 4-ші және одан кейінгі балалар63 МРП (247 716 теңге)

Бала күтіміне арналған ай сайынғы төлемдер (1,5 жасқа дейін)

  • 1-ші бала5,76 МРП (22 648 теңге)
  • 2-ші бала6,81 МРП (26 777 теңге)
  • 3-ші бала7,85 МРП (30 866 теңге)
  • 4-ші және одан кейінгі балалар8,90 МРП (34 995 теңге)

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button