Әлем чемпионатында тағы екі қазақстандық боксшы жеңіске жетті

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары Наталья Богданова мен Ертуған Зейнуллинов Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті, деп хабарлайды dailykz.
Ертуған Зейнуллиновтың жеңісі
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ертуған Зейнуллинов әлем чемпионатының 1/16 финалында Франция өкілі Уго Граумен қолғап түйістірді.
Кездесу қазақстандық боксшының айқын басымдығымен өтіп, төрешілер бірауыздан 5:0 есебін тіркеді. Осылайша, Зейнуллинов әлем біріншілігінің 1/8 финалына жолдама алды.
Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз
Наталья Богданованың жеңісі
Сол күні әйелдер арасындағы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Наталья Богданова да сенімді жеңіске жетті. Оның қарсыласы – Үндістан спортшысы Тхокчом Суприя Деви болды.
Жекпе-жек бірауыздан шығарылған шешіммен (5:0) Богданованың пайдасына аяқталды. Бұл нәтижемен ол да жарыстың келесі кезеңіне шықты.








