«120 жылға жалға алу»: Тоқаев АҚШ пен Дания арасындағы Гренландия дауына шешім ұсынды » DailyKz
Новости Казахстана

«120 жылға жалға алу»: Тоқаев АҚШ пен Дания арасындағы Гренландия дауына шешім ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пакистандық The News International басылымына берген сұхбатында АҚШ пен Дания арасындағы Гренландия мәселесіне өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды dailykz.

Сұхбат барысында Тоқаевтан Гренландиядағы жағдай туралы пікір сұралды.

«Тәжірибелі дипломат ретінде, Сіз Гренландия аумағын әскери оккупациялауды мүмкін деп санайсыз ба? Қай сценарий Сізге шынайы көрінеді?» – деп сұрады журналист.

Оған Президент былай жауап берді: «Мен бұл жағдайға сәл басқаша қараймын». Оның айтуынша, халықаралық тәжірибеде елдер белгілі бір аумақтарды немесе стратегиялық объектілерді ұзақ мерзімге жалға алу туралы келісімдер жасайтын көптеген мысалдар бар.

Президенттің сөзінше, мұндай келісімдер көбінесе ортақ пайданы көздейтін стратегиялық мақсаттарды іске асыру үшін жасалады.

«Мұндай шешімдердің барлығы халықаралық құқық аясында қарастырылуы керек, ол мемлекеттердің тәуелсіздігін құрметтеуді және БҰҰ Жарғысында бекітілген қағидаларды сақтауды талап етеді.

Мысалы, АҚШ пен Дания 120 жылға Гренландияны жалға алу туралы келісім жасай алады. Осы жағдайда Гренландия заң тұрғысынан Данияның құрамында қалады, тәуелсіздігі бұзылмайды, ал келісімнің практикалық аспектілері ортақ стратегиялық мүдделерге жауап береді. Диалогқа, жауапты саясатқа және халықаралық құқықты құрметтеуге сүйене отырып, тараптар ақыр соңында прагматикалық, өзара тиімді шешімге келе алады деп үміттенемін», – деді Президент.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пакистандық The News International газетімен эксклюзив сұхбат берді.

Сұхбат барысында Тоқаев Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылудан қандай пайда көретінін түсіндірді. Сонымен қатар, ол АҚШ ішкі саясатындағы Дональд Трамптың іс-әрекетін бағалады және Газа секторы үшін бейбіт жоспарға өз пікірін білдірді.

Related Articles

Back to top button