«Alga!»: Australian Open парақшасында Рыбакина жеңісінен кейін қазақ тілі қолданылды

Australian Open-тағы тарихи жеңіс қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше жаңалыққа айналды. Теннистен Австралияның ашық чемпионатының ресми Instagram-парақшасында Елена Рыбакинаның жеңісінен кейін қазақ тіліндегі жазба жарияланды. Бұл туралы dailykz хабарлайды.
Мельбурндегі Үлкен дулыға турнирінің финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтинг көшбасшысы саналатын Беларусь спортшысы Арина Соболенконы жеңіп шықты. Осылайша Елена Рыбакина Australian Open турнирінде алғаш рет чемпион атанып, Қазақстан теннисі тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді.
Турнирдің ресми аккаунтындағы жазбада:
«Alga! Елена Рыбакина Мельбурнде тарих жазды» — деп көрсетіліп, жазбаға Қазақстан туы қосылды. Бұл жарияланым қазақстандық жанкүйерлердің ерекше ықыласына ие болып, пікірлер бөлімінде Рыбакинаға қолдау білдірген жылы лебіздер көптеп жазылды.
Марапаттау рәсімінде чемпион спортшы Қазақстанға және отандас жанкүйерлерге алғысын білдірді. Ал финалдағы жеңілістен кейін Арина Соболенко қарсыласын құттықтап, құрмет көрсетті.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Елена Рыбакинаны Australian Open турниріндегі тарихи жеңісімен ресми түрде құттықтады.
Australian Open-тағы тарихи жеңіс — қазақстандық спорттың әлемдік деңгейде мойындалғанын көрсететін маңызды оқиға.




