Алматы қаласының Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Dailykz хабарлауынша, Ернар Сейдімбек Алматы қаласының Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Абай облысы бойынша департаментті басқарған.
Қазақстанның Әділет министрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2 наурыздан бастап Ернар Акселеұлы Сейдімбек Алматы қаласының Әділет департаментін басқарады.
Бұған дейін Ернар Сейдімбек Абай облысының Әділет департаментін басқарған. Абай облысы Әділет департаментінің сайты мәліметінше, ол 1970 жылы 2 қаңтарда Қарағанда қаласында дүниеге келген.
Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз
Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ернар Сейдімбектің кәсіби тәжірибесі:
- Алматы қаласы, Совет ауданы прокуратурасының стажер-көмекшісі (05.07.1995 – 25.07.1996)
- Алматы қаласы, Алмалы ауданы прокуратурасының көмекшісі (25.07.1996 – 17.09.1996)
- Алматы қаласы прокуратурасының тергеу және дознание бөлімінің прокуроры (17.09.1996 – 15.08.1997)
- Қарағанды облысы Әділет басқармасы, Октябрь сотының консультанты (09.09.1997 – 10.03.1999)
- Қарағанды облысы Әділет басқармасы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөлімі бастығы (10.03.1999 – 30.06.1999)
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы (30.06.1999 – 07.12.1999)
- Әділет министрлігі кадрлық жұмыс бөлімінің уақытша басшысы (07.12.1999 – 01.02.2000)
- Әділет министрлігі кадрлық жұмыс бөлімінің орынбасары (01.02.2000 – 26.07.2000)
- Солтүстік Қазақстан облысы Әділет басқармасының орынбасары (26.07.2000 – 17.04.2002)
- Солтүстік Қазақстан облысы Әділет басқармасы бастығы (17.04.2002 – 10.01.2004)
- Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің бастығы (10.01.2004 – 31.05.2010)
- Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің бастығы (31.05.2010 – 24.09.2011)
- Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің уақытша бастығы (24.09.2011 – 30.09.2011)
- Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің бастығы (30.09.2011 – 04.02.2016)
- Алматы қаласы Әділет департаментінің бастығы (04.02.2016 – 03.11.2016)
- Павлодар облысы Әділет департаментінің бастығы (04.11.2016 – 18.11.2019)
- Ақмола облысы Әділет департаментінің бастығы (19.11.2019 – 30.09.2020)
- Абай облысы Әділет департаментінің бастығы (02.11.2022 – 02.03.2026)
Ернар Сейдімбектің ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен құқық саласындағы кәсіби біліктілігі Алматы қаласының Әділет департаментін басқаруда маңызды рөл атқаратыны айтылуда.








