«Ақыры лайықты көңіл бөлінді»: Элизабет Түрсынбаева Шайдоров пен Самоделкина туралы пікір білдірді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Түрсынбаева Олимпиададағы Михаил Шайдоровтың алтын медалі мен Софья Самоделкина көрсеткен нәтиже Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спортына бүкілхалықтық назар аудартқанын атап өтті, деп хабарлайды dailykz.
«Ақыры Қазақстанда мәнерлеп сырғанау лайықты көңіл ала бастады – бұл сезіледі. Мұның бәрі Миша мен Софьяның арқасы.
Михаил Шайдоровтың алтын медалі мен Софья Самоделкина Олимпиададағы үздік 10 нәтижесі Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа танытты ғана емес, еліміздің жас өскелең буыны мен кішкентай сырғанауыштарына үміт сыйлады», – деп жазды спортшы.
Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз
Мәнерлеп сырғанаудың сиқырлы әлемі
Элизабет Түрсынбаева мәнерлеп сырғанау – өте ерекше спорт түрі екенін және оны жүрегімен сүйетінін айтты:
«Мен де олардың нәтижелерінен шабыт алдым, өз мансабымды аяқтасам да, әлі де өзім үшін сырғанауды жалғастырамын.
Қазақстанды әлемдік аренада танытқаныма өте қуаныштымын, ал қазір біздің спортшыларымыздың биік жетістіктерге жеткенін көріп, мақтаныш сезімімен толқып отырмын!»








