Арина Соболенко Алла Пугачеваның стиліндегі образды таңдады

Беларусь теннисшісі Арина Соболенко әлеуметтік желілерде Gucci брендіне амбассадор болғанын жариялады. Спортшы жазылушыларына әйгілі әнші Алла Пугачеваның стилінен шабыттанған ерекше образда көрінді, деп хабарлайды dailykz.
Видеода Соболенко кең, балахон үлгісіндегі көйлекпен теннис ойнап жүргенін көруге болады. Бұған дейін Gucci бұл образды Primadonna атауымен таныстырған еді. Бренд жанкүйерлері бұл стильден бірден ресейлік әнші Алла Пугачеваның фирмалық бейнесіне ұқсастықты байқады.
Айта кетейік, Gucci-дің креативті директоры Демна Гвасалия (грузин текті дизайнер) бұған дейін де Алла Пугачеваға деген симпатиясын ашық білдірген. Мысалы, ол Balenciaga сән үйінің креативті директоры болған кезінде Apple Music платформасында бренд атынан плейлист жасап, оған Пугачеваның «Миллион алых роз» әнін енгізген.




