Бейбит Жукаев Новак Джоковичпен жаттығу өткізді

Қазақ теннисшісі Бейбит Жукаев Новак Джоковичпен жаттығу өткізді. Қазақстандық теннисші Бейбит Жукаев 24 мәрте Үлкен шлем турнирлерінің жеңімпазы Новак Джоковичпен бірге жаттығуға мүмкіндік алғанын айтты, деп хабарлайды dailykz.
Жукаев Instagram желісінде Олимпиада чемпионы Джоковичпен түскен жаңа фотосын жариялады. Ол Дубайда ерлер арасындағы Үлкен шлем турнирлерінде рекордшы Джоковичпен жаттығу өткізген.
«Жаттығу үшін рақмет, Ноле — барлық уақыттағы ең мықты ойыншы! 2026 жылғы маусымға дайындалудамыз», — деп жазды Жукаев.
Пікірлерде қазақстандықтар: «Новактың жолын берсін саған», «Бейбит тіпті терлемеді», «Оқы», «Супер!» деп жылы лебіздерін білдірді.
Еске салсақ, жақында серб теннисші ATP деңгейіндегі карьерасында 101-ші титулын жеңіп алды (Үлкен шлем турнирлерін қоса есептегенде). Бұл көрсеткіш бойынша ол тек америкалық Джимми Коннорсқа (109) және швейцариялық Роджер Федерерге (103) ғана жол берді. Сонымен қатар, 38 жасында және 5 айында Джокович ATP турниріндегі ең егде чемпион атанды.




