"Біршама күту керек": қазақстандықтарға ипотека алуды кейінге қалдыру ұсынылды » DailyKz
Экономика

«Біршама күту керек»: қазақстандықтарға ипотека алуды кейінге қалдыру ұсынылды

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифинг барысында қазақстандықтарға қазіргі кезеңде ипотека алуға тұрарлық па деген жеке кеңесін айтты, деп хабарлайды dailykz.

Сүлейменов атап өткендей, Ұлттық банк басшысы ретінде жеке инвестициялар немесе қаржы мәселелері бойынша кеңес беру қиын және оның өз жағдайында бұл «орынсыз әрі дұрыс емес» болар еді.

«Егер жалпы қаржыгер немесе экономист ретінде қарасақ, нарықтық пайыздық мөлшерлемелер жоғары кезде несие мен ипотеканы рәсімдеуден аулақ болу керек, оларды кейінге қалдырған жөн. Инфляция төмендеген сайын негізгі мөлшерлеме де төмендейді. Сол арқылы банк пайыздық мөлшерлемелері азайып, ипотека қолжетімді болады.

Тек сол кезде ғана болашақты сенімді түрде көріп, ипотека рәсімдеуге шешім қабылдауға болады. Біршама күту керек – инфляция мен пайыздық мөлшерлемелер төмендегенше», – деді Тимур Сүлейменов.

Related Articles

Back to top button