«Бораттағы» купальниктерді көрсетіп, шешініп алды: «Қайрат» – «Брюгге» матчында шетелдік жанкүйерлер ұсталды » DailyKz
Новости Спорта

«Бораттағы» купальниктерді көрсетіп, шешініп алды: «Қайрат» – «Брюгге» матчында шетелдік жанкүйерлер ұсталды

«Қайрат» – «Брюгге» матчында Астанадағы стадионда болған оқиға желіде қызу талқылануда. Әлеуметтік желілерде матч кезінде шешініп, «Борат» фильмінде танымал болған жасыл купальниктерді көрсеткен жанкүйерлердің видеосы жарияланды. Оларды полиция қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды dailykz.

Стадионнан түсірілген кадрлар Instagram желісіндегі almatinec_live парақшасында пайда болды. Жарияланым авторының айтуынша, бұл әрекетке барғандар — «Брюгге» клубының жанкүйерлері.

Видеода бірнеше ер адамның үстіндегі киімдерін шешіп, көпшілікке «Бораттағы» даулы жасыл купальниктермен шыққаны анық көрінеді. Олардың әрекеті көрермендер арасында үлкен резонанс тудырды.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі dailykz тілшісіне 20 қаңтар күні футбол матчы өтіп жатқан кезде үш ер адамның қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқанын хабарлады.

Полиция қызметкерлері үш шетелдік жанкүйерді ұстап, оларды бөлімшеге жеткізген. Құқық қорғау органдары олардың қоғамдық орында мас күйде болғанын және ұсақ бұзақылық жасағанын анықтады.

Аталған фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Қазіргі таңда құқық бұзушылар уақытша ұстау бөлмесіне қамалған.

Полиция департаменті өкілдері жаппай іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіптің қатаң бақылауда болатынын ескертті. Белгіленген мінез-құлық ережелерін бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетінін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін «Брюггеге» қарсы өткен ойын «Қайрат» үшін Чемпиондар лигасындағы келушілер саны бойынша антирекорд ретінде тіркелген еді.

«Бораттағы» купальниктерді көрсетіп, шешініп алды: «Қайрат» – «Брюгге» матчында шетелдік жанкүйерлер ұсталды

Related Articles

Back to top button