Дастан Сатпаев «Қайраттың» алғашқы оқу-жаттығу жиынына шақырылмады

Алматының «Қайрат» футбол клубы бірінші оқу-жаттығу жиынының құрамын жариялады. Жиын Абу-Дабиде (БАӘ) өтеді, деп хабарлайды dailykz.
Клуб өзінің Instagram парақшасында алдағы оқу-жаттығу жиынына қатысатын 25 ойыншының тізімін жариялады. Алайда жаңа маусымға дайындықтың бастапқы кезеңіне Дастан Сатпаев қатыспайды. Белгілі болғандай, шабуылшы жарақаттарынан емделіп, қалпына келу процесін Азамат Туяқбаев пен Олжас Байбекпен бірге өтуде.
«Қайраттың» оқу-жаттығу жиыны 15 қаңтарға дейін жалғасады. Осы кезеңде команда екі бақылау матч өткізуді жоспарлап отыр.
20 қаңтарда алматылықтар жалпы кезеңнің жетінші туры аясында Бельгияның «Брюгге» командасына қарсы ойын өткізеді. Жарыс «Астана Аренада» өтеді. Ал сегізінші турда, 28 қаңтарда, «Қайрат» Лондонда Англияның «Арсенал» командасымен кездеседі.




