Дмитрий Бивол бұрынғы әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті. » DailyKz
Новости Спорта

Дмитрий Бивол бұрынғы әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті.

Бокстан әлем чемпионы Дмитрий Бивол бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты жала жабу айыбы бойынша сотта жеңіп шықты. Бұл туралы Санкт-Петербург сотына сілтеме жасап dailykz хабарлайды.

Санкт-Петербург қаласының Смольнин аудандық соты Дмитрий Биволдың Екатерина Биволға қарсы азаматтық талабын қарап, таратылған мәліметтерді шындыққа сай келмейді, ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге нұқсан келтіреді деп тану және оларды жоққа шығару жөнінде шешім қабылдады.

Сот материалдарында көрсетілгендей, жауапкер 2024 жылғы 16 қыркүйектен 2025 жылғы 11 тамызға дейін Ресей аумағында тыйым салынған Instagram әлеуметтік желісінде талапкерге қатысты беделін түсіретін ақпараттар жариялаған. Сонымен қатар, 2025 жылғы 21 шілде мен 11 тамыз аралығында Telegram мессенджерінде мәтіндік форматта пікірлер мен жазбалар орналастырған.

Сот спортшының пайдасына шешім шығарып, Екатерина Бивол таратқан мәліметтерді шындыққа сай емес деп таныды. Сондай-ақ жауапкерді өзіне тиесілі барлық сайттарда, әлеуметтік желідегі парақшаларында және мессенджерлердегі арналарында бұрын жарияланған ақпаратқа ресми теріске шығару орналастыруға міндеттеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ІІМ Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелін елімізге экстрадициялау мәселесін көтеретінін хабарлаған болатын. Биылғы қазан айында Қазақстан Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады, артынша оған іздеу жарияланды.

Бұдан бөлек, Екатерина Бивол Қырғызстанда да іздеуде жүр. Онда оған Қылмыстық кодекстің 330-бабы — нәсілдік, этникалық, ұлттық немесе өңіраралық араздықты қоздыру бойынша айып тағылған.

БАҚ мәліметінше, тексеруге себеп болған жайт — Екатерина Биволдың көлік тізгінінде отырып, түрлі ұлт өкілдеріне, соның ішінде қырғыз халқына қатысты қорлайтын пікірлер айтқан видеосы.

Related Articles

Back to top button