ДНҚ тесті Босфорда қаза тапқан ресейлік жүзушінің жеке басын растады » DailyKz
Blog

ДНҚ тесті Босфорда қаза тапқан ресейлік жүзушінің жеке басын растады

Стамбул бұғазынан табылған мәйіттің кімге тиесілі екені анықталды. Ол өткен жылдың жазында жоғалып кеткен ресейлік жүзуші Николай Свечников болып шықты, деп хабарлайды dailykz РБК-ға сілтеме жасап.

CNN Turk дерегін келтірген басылымның мәліметінше, Николай Свечниковтің ата-анасы Бебек жағалауындағы Куручешме айлағының маңынан табылған мәйіттің өз ұлдарына тиесілі екенін нақтылау үшін ДНҚ үлгілерін тапсырған. Жүргізілген сараптама нәтижелері қаза тапқан адамның жеке басын толық растады.

Сондай-ақ жүзушінің жұбайы да ДНҚ сараптамасының нәтижесін растаған.

«Адвокатпен кездесуден қайтып келе жатқанда, адвокат Альпэрэн бізге ДНҚ нәтижелері толық сәйкес келгенін хабарлады», – деді ол.

Ақпаратқа сәйкес, барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін спортшының денесі отбасына табысталады.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың тамыз айында Ресейден шыққан жүзуші Николай Свечников Стамбулда өткен құрлықаралық жүзу жарысы кезінде Босфор бұғазын кесіп өтпек болған сәтте із-түзсіз жоғалып кеткен. Оның жарысты бастағаны белгілі болғанымен, мәреге жетпегені хабарланған еді.

Кеше теңіз полициясы бұғаздан жүзуге арналған киімдегі мәйітті алып шыққаны хабарланған болатын. Жеке басын анықтау үшін марқұмның туыстары шақырылған.

Related Articles

Back to top button