"Допинг-тесттен өтпеді": Ангелина Лукасқа қатысты No Contest шешімі жарияланды » DailyKz
Новости Спорта

«Допинг-тесттен өтпеді»: Ангелина Лукасқа қатысты No Contest шешімі жарияланды

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас бірнеше күн бұрын Мысырда өткен жекпе-жегінің нәтижелері аннулировкаға ұшырағанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы dailykz хабарлайды. Спортшы Instagram парақшасында бірқатар жазба жариялап, 14 қарашада өткен жекпе-жектің нәтижесі ресми түрде No Contest деп танылғанын растады.

Алғашқы жазбасында Ангелина қазақстандықтарға бейнежазбаларды қарап шығуды өтінді.

«Рингте нағыз соғыс болды — мен соңына дейін біздің туды, сіздерді, елімізді қорғап айқастым. Бүгін жекпе-жек ресми түрде No Contest деп танылды: қарсыласымның жеңісі есептелмейді, себебі ол допинг-тесттен өтпеді. Сонымен қатар төрешілер жұмысында да қателіктер анықталды.

Ең бастысы — мен әр раундта таза, ашық және соңғы секундқа дейін күрестім. Маған сеніп, қолдау білдіргендердің бәріне алғыс айтамын — сіздердің энергияларыңыз әрқашан жанымда», — деп жазды Лукас.

Келесі жазбасында ол осы уақытқа дейін жағдайды жария ете алмағанын, себебі ресми шешімді күтумен болғанын айтты. Оның айтуынша, 14 қарашадағы жекпе-жек ресми түрде No Contest мәртебесін алды — яғни жекпе-жек жарамсыз деп танылып, жеңімпаз анықталмайды.

«Жекпе-жектен кейін бірден тергеу басталды. Себебі біз рингтен шықпай допинг-тесттен өтуге міндетті едік. Мен тесттен өттім, ал қарсыласым өте алмады. Осыған байланысты тергеу жүргізілді», — деді боксшы.

Ангелинаның айтуынша, командасы жекпе-жекке және допинг-тестке аса мұқият дайындалған. Ол тіпті суық тиіп ауырса да, дәрі ішуден бас тартқанын, өйткені тест нәтижесіне әсер етуінен қорыққанын айтты. Сонымен бірге ол қарсыласының жекпе-жек барысындағы әрекеттері күмән туғызғанын атап өтті: америкалық боксшы раунд аралықтарында отырмаған және өте жылдам қалпына келе берген.

Боксшының сөзінше, тергеу төрешілер тарапынан да заңбұзушылықтарды анықтаған. Ол судьялардың бірі өз шешімін өзгертіп, Лукас 10 раундтың алтауын жеңді деген жазбаны басқа нұсқаға ауыстырған болуы мүмкін екенін айтты.

Бұған дейін Ангелина Лукас чемпиондық белбеу үшін өткен сенсациялық айқаста жеңіліс тапқан еді. Тараз тумасы америкалық Кэтрин Рене есімді қарсыласымен кездескен. Мысыр астанасында өткен турнирде наилегчайший салмақ дәрежесінде (50,8 кг дейін) өткен жекпе-жек 10 раундқа созылып, екі төрешінің шешімімен АҚШ өкілі жеңімпаз деп танылған (96:94, 92:98, 96:94).

Айта кетейік, тамыз айында Ангелина Лукас әлеуметтік желі арқылы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, кейбір БАҚ тарапынан бағытталған ақпараттық шабуыл туралы шағымданған болатын.

Related Articles

Back to top button