Дубайдан эвакуацияланған қазақстандықтар: алғашқы жолаушылар Астана мен Алматыға жеткізілді

Dailykz хабарлауынша, Flydubai авиакомпаниясы Дубай қаласынан Астана мен Алматыға екі эвакуациялық рейс орындап, 306 жолаушы Қазақстанға қайтарылды. Бұл туралы ақпаратты ҚР ҚТМ растады.
Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі хабарлағандай, алғашқы жолаушылар Біріккен Араб Әмірліктерінен, атап айтқанда Дубайдан, Астана мен Алматыға жеткізілген.
«Бірінші жолаушылар Таяу Шығыстан Қазақстанға жеткізілді. Осы бағыт бойынша Сыртқы істер министрлігімен бірлесе жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар жалғасып жатыр. Алдағы уақытта Медина және Джидда қалаларынан қосымша эвакуациялық рейстер ұйымдастыру жоспарлануда», – делінген хабарламада.
Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз
Бұған дейін Көлік және коммуникациялар министрі Нұрлан Саұранбаев Таяу Шығыс елдерінде жүрген қазақстандықтарды елге қайтару жоспарын жариялаған болатын.
Сонымен қатар, Сыртқы істер вице-министріне БАӘ-дегі консулдың қазақстандықтарға үйге ұша алмай қалған жағдайда несие алуға кеңес беруі туралы сұрақ қойылды.







