Джокович екі сетте жеңілді, бірақ қарсыласының жарақатына байланысты Australian Open жартылай финалына өтті » DailyKz
Новости Спорта

Джокович екі сетте жеңілді, бірақ қарсыласының жарақатына байланысты Australian Open жартылай финалына өтті

Сербиялық теннисші Новак Джокович Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open – 2026 турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы dailykz тілшісі хабарлайды.

Әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған 38 жастағы спортшы ширек финалда Италияның үздік теннисшілерінің бірі, әлемнің бесінші ракеткасы Лоренцо Музеттимен кездесті.

Кездесудің басында Новак Джокович қиын жағдайда қалды. Ол алғашқы екі сетте 4:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Алайда үшінші сет барысында Музеттидің денсаулығына байланысты мәселелер туындап, ол медициналық тайм-аут алды. Көп ұзамай италиялық теннисші өз подачи кезінде 1:3 есебінде ойынды жалғастырудан бас тартуға мәжбүр болды.

Матчтан кейін корттағы сұхбатында Новак Джокович мұндай аяқталуға өкініш білдірді. Оның айтуынша, бұл ойында жеңіс Музеттиге лайық болған.

«Ол меннен әлдеқайда жақсы ойнады, мен тіпті үйге қайтуға дайын тұрған едім. Спортта мұндай жағдайлар болып тұрады, бұл маған да бұрын кездескен. Үлкен дулыға турнирінің ширек финалында 2:0 есебімен алда тұрып, матчты аяқтай алмау өте өкінішті. Не айтарымды да білмеймін. Лоренцоның тезірек сауығып кетуін тілеймін. Бүгін ол жеңіспен кетуі керек еді», – деді Джокович.

Жартылай финалда сербиялық теннисші америкалық Бен Шелтонмен немесе италиялық Янник Синнермен кездеседі. Айта кетейік, өткен жылы Джокович дәл осы кезеңге дейін жетіп, Германия өкілі Александр Зверевке қарсы матч барысында жарыстан шығып қалған болатын.

Сондай-ақ биылғы Australian Open турнирінде Новак Джокович төртінші айналымды ойнамай өтті. Оған дейін чехиялық Якуб Меншик жарақатына байланысты жарыстан бас тартқан.

Новак Джокович – Australian Open тарихындағы ең көп титул иегері. Ол бұл турнирді 10 рет жеңіп алған. Ал Музеттимен өткен матчтағы жеңіс сербиялық спортшы үшін австралиялық мэйджордағы 103-ші жеңіс болды. Осылайша ол мансабын аяқтаған швейцариялық Роджер Федерердің (102 жеңіс) рекордын жаңартты.

Осылайша, Новак Джоко

Related Articles

Back to top button