ФИФА басшысы, президенттер, министрлер: Тоқаев Давоста бірнеше кездесу өткізді » DailyKz
Новости Казахстана

ФИФА басшысы, президенттер, министрлер: Тоқаев Давоста бірнеше кездесу өткізді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойғаннан кейін Давоста бірнеше ресми кездесулер өткізді, деп хабарлайды dailykz Ақордаға сілтеме жасап.

Давоста Мемлекет басшысы қысқаша әңгімелер өткізді: Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянмен, Индонезия Президенті Прабово Субиантомен, Глобалдық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен, АҚШ Сауда министрі Говард Латникпен және ФИФА басшысы Джанни Инфантино кездескен.

Еске салсақ, бүгін Давоста Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсімі өтті. Іс-шара барысында АҚШ Президенті Дональд Трамп сөз сөйлеп, бірқатар мәлімдемелер жасады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойғанын хабарлаған болатынбыз.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті АҚШ Президентімен де қысқаша әңгіме жүргізді, кейін екі лидер арасындағы қысқаша әңгімеге қатысты толық мәліметтер жарияланды.

Related Articles

Back to top button