Новости Спорта
Геннадий Головкин встретился с Криштиану Роналду в Саудовской Аравии (видео)

Қазақстандық әйгілі боксшы, World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин Сауд Арабиясында атышулы португалиялық футболшы Криштиану Роналдумен кездесті. Бұл кездесудің видеосын Головкин өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды dailykz.
Қазақстандық боксшы мен әлемге танымал футболшы Эр-Рияд қаласында кездесіп, Сауд Арабиясы чемпионатының «Аль-Наср» мен «Аль-Охдуд» командалары арасындағы матчынан кейін бір-бірімен жылы амандасты.
Роналду Головкиннен жақын арада жарыстарға қатысуды жоспарлап отырғанын сұрады. Ал Головкин өз кезегінде, мүмкін, келер жылы бокс алаңында қайта көрінуі мүмкіндігін айтты.




