Головкиннің трансгендерлер жайлы пікірі және Иман Хелиф дауы » DailyKz
Blog

Головкиннің трансгендерлер жайлы пікірі және Иман Хелиф дауы

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкин Париж Олимпиадасының чемпионы Иман Хелифке қатысты даулы жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды dailykz BBC-ге сілтеме жасап.

Головкин сұхбат барысында бұрын олимпиадалық спорт түрлерінде қолдануға тыйым салынған жынысты анықтау тесттерін енгізуді қолдайтын World Boxing ұйымының позициясын қорғады. Оның айтуынша, Иман Хелифке байланысты жағдай бокс саласындағы «гендерлік саясатқа қатысты кемшіліктерді, түсінбеушіліктерді және жіберілген олқылықтарды» айқын көрсеткен.

«Бұл мәселелерді мүмкіндігінше түзету қажет. Біз әділ спортты қолдаймыз: ерлер — ерлермен, әйелдер — әйелдермен жұдырықтасуы тиіс. Сондықтан гендерлік тесттер жүргізу маңызды», — деді Головкин BBC-ге берген сұхбатында.

Имана Хелиф дауы қалай басталды

Олимпиада-2024 кезінде Иман Хелифке қатысты жанжал әлемдік резонанс тудырды. Кейбір шетелдік сарапшылар спортшыны трансгендер деп айыптады. IBA ұйымының мәлімдеуінше, ДНК-тест барысында Хелиф пен тайваньдық боксшы Линь Юйтиннен XY-хромосомалар (ер адамдарға тән комбинация) және тестостерон деңгейінің жоғары болуы анықталған. Ғалымдар мұндай көрсеткіштер адамның жынысын 100% дәл анықтай алмайтынын айтады.

Халықаралық Олимпиада комитеті екі спортшыны да Париж ойындарына қатысуға жіберді. МОК олардың тесттерін заңсыз, ережеге қайшы және ғылыми негізсіз деп мәлімдеді. Комитеттің басшысы Томас Бах Хелиф пен Юйтиннің әйелдер санатында көп жылдар бойы ресми түрде жарысып жүргенін, олардың құжаттары әйел жынысын көрсететінін атап өтті.

Отбасының жауабы

Спортшының әкесі қызына тағылған айыптарды «арсыз және негізсіз» деп атаған. Ол Иман Хелифтің туғаны туралы әйел жынысы көрсетілген құжатты және спортшының бала кездегі суреттерін журналистерге көрсетті.

Related Articles

Back to top button