Хабиб Нурмагомедов: «Футболшы болуды армандадым, жауынгер болу кездейсоқ болды» » DailyKz
Новости Спорта

Хабиб Нурмагомедов: «Футболшы болуды армандадым, жауынгер болу кездейсоқ болды»

«Жауынгер болу — кездейсоқ»: Хабиб Нурмагомедов футболшы болуды армандағанын айтты — атақты спортшының бұл мойындауы жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды.

UFC Даңқ залының мүшесі Хабиб Нурмагомедов бала кезінен кім болуды армандағанын ашық айтты. Оның сөзінше, ол өзін әрдайым футболмен байланыстырған. Бұл туралы dailykz «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен өмір бойы футбол көріп келемін, бұл спорт түрі мен үшін әлі күнге дейін бірінші орында. Жастау кезімде футболшы болуды армандадым. Ал жекпе-жекке кездейсоқ келдім деуге болады — себебі мен әкем жаттықтырушы болған ортада өстім. Әрине, бұл әзіл. Бірақ шын мәнінде, жүрегімде футбол әрдайым ерекше орын алды», — деді UFC-дің бұрынғы чемпионы.

Еске сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов 2020 жылдың қазан айында UFC 254 турнирінде Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл шешім оның әкесі, белгілі бапкер Абдулманап Нурмагомедовтың қайтыс болуынан кейін қабылданды.

2021 жылдың наурыз айында UFC президенті Дана Уайт Хабибтің мансабы ресми түрде аяқталғанын хабарлады. Осыдан кейін ол ұйымның барлық рейтингтерінен алынып тасталды. Дегенмен Нурмагомедов ММА-дан толық кеткен жоқ — ол бапкер ретінде жаңа жолын бастады.

Қазіргі таңда Хабибтің жетекшілігімен UFC-де және өзге де ұйымдарда өнер көрсететін бірнеше спортшы дайындалып жүр. Соның бірі — PFL чемпионы Усман Нурмагомедов.

Ал қараша айында Хабиб ММА-дан түбегейлі кететін уақытын да атады. Оның айтуынша, бұл сәт шәкірттері — Ислам Махачев, Умар және Усман Нурмагомедов спорттық мансабын аяқтағаннан кейін ғана келеді.

Related Articles

Back to top button