Италия Ресейді Олимпиадамен байланысты сайттарға кибершабуыл жасады деп айыптады

Италия сыртқы істер министрі Антонио Таяни Ресейден Олимпиадамен байланысты сайттарға бірнеше кибершабуыл жасалғанын мәлімдеді. Бұл туралы dailykz DW ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлайды.
Таянидің айтуынша, шабуылдар елдің сыртқы істер министрлігінің кейбір кеңселеріне де жасалған, оның ішінде Вашингтондағы өкілдік те бар.
АҚШ астанасына сапар барысында журналистерге сөйлеген Таяни шабуылдардың «Ресейден келгенін» атап өтті, алайда қосымша мәлімет бермеді.
Халықаралық Олимпиада комитеті әлі бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.
Алайда, кибершабуыл үшін жауапкершілікті Ресеймен байланысы бар хакерлер тобы Noname057 өз мойнына алды.
Telegram арнасында неміс тілінде жарияланған мәлімдемеде:
«Италия үкіметінің Украинаға бағытталған проукраиндік саясаты украиндық террорлық топтарға қолдау көрсетуге әкеледі, сондықтан біз DDoS-шабуылдар арқылы жауап береміз», – делінген.
Сонымен қатар, Италия ішкі істер министрі Маттео Пьянтедози парламентте сөйлеп, Олимпиада нысандарын Миланнан Доломит тауларына дейінгі аумақта қауіпсіздік үшін 6000 қызметкер, соның ішінде снайперлер, бомба жою мамандары және терроризмге қарсы бөлімшелердің бақылауында болатынын хабарлады.




