КПЛ-дың үздік жартылай қорғаушысы «Елімайдан» кетті » DailyKz
Новости Спорта

КПЛ-дың үздік жартылай қорғаушысы «Елімайдан» кетті

Қазақстан құрамасының футболшысы Ғалымжан Кенжебек «Елімай» клубымен қоштасты. Бұл туралы семейлік клубтың Instagram желісіндегі ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап, dailykz хабарлайды.

Клубтың ақпаратынша, тараптар ынтымақтастықты өзара келісім арқылы тоқтатқан. Кенжебек «Елімайға» шілде айында словениялық «Кошицеден» ауысқан болатын. Ол семейлік команда сапында 11 матч өткізіп, 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Қазақстан Премьер-лигасының (КПЛ) маусым қорытындысы бойынша 22 жастағы ойыншы үздік жартылай қорғаушы атанды. Жыл бойы ол ұлттық құраманың негізгі құрамында тұрақты ойнап, Беларуське қарсы жолдастық кездесуде гол соқты. Сондай-ақ әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Лихтенштейн қақпасына дубль авторы атанды.

«Елімай» клубы Ғалымжан Кенжебекке алғысын білдіріп, оның қазақстандық футболдың дамуына алдағы уақытта да зор үлес қосатынына сенім артты.

Ресейлік «Чемпионат» басылымының мәліметінше, футболшы Грозныйдың «Ахмат» клубына ауысуға жақын, қазір келісімнің соңғы детальдары пысықталып жатыр. Бұл ақпаратты танымал қазақстандық журналист Ермұхамед Мәулен де растады. Оның айтуынша, Кенжебек мансабын Ресей Премьер-лигасында жалғастырады.

Футболшының трансферлік құны 600 мың еуроға бағаланғанымен, «Елімайдан» кеткеннен кейін ол ресми түрде еркін агент атанды. Айта кетейік, «Ахмат» сапында қазірдің өзінде Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов ойнап жүр. Ал грозныйлық клубты бұрын ұлттық құраманы басқарған Станислав Черчесов жаттықтырады.

Related Articles

Back to top button