Криштиану Роналду Ақ үйдегі кешкі асқа қатысты және Трамп отбасыімен танысты

Португалия құрамасының және Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Ақ үйдегі кешкі асқа қатысты, онда ол Дональд Трамптың отбасымен танысты. Бұл туралы dailykz USA Today-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Хабарламаға сәйкес, әйгілі футболшы Сауд Арабиясының тақ мұрагерінің АҚШ-қа ресми сапары аясында ұйымдастырылған Ақ үйдегі салтанатты қабылдаудың арнайы қонақтарының бірі болды.
Іс-шара барысында Дональд Трамп Роналдумен танысқан сәт туралы әсерімен бөлісті:
«Білесіздер, менің ұлым Роналдудың үлкен жанкүйері… Бэррон онымен кездесуге мүмкіндік алды, енді, ойымша, ол әкесін бұрынғыдан да қатты сыйлайтын сияқты — тек оларды таныстырғаным үшін», – деді Трамп.
Салтанатты жиынға шақырылғандар қатарында Tesla компаниясының басшысы Илон Маск пен Apple жетекшісі Тим Кук та болды.
Айта кетейік, жуырда Роналду 2026 жылғы әлем чемпионаты өзінің мансабындағы соңғы турнир болатынын мәлімдеген еді. Ол отбасы мүшелерінің жиі-жиі мансабын аяқтауды сұрайтынын айтқанымен, әлі де өнер көрсетуге шамасы бар екенін атап өтті. Сондай-ақ футболшы мансабы бірнеше жылдан кейін тәмамдалатынын мойындап, бірақ 1000 гол соғу туралы балалық арманына қол жеткізгісі келетінін жеткізді.
Криштиану Роналду Ақ үйдегі кешкі асқа қатысты деген жаңалық жанкүйерлер арасында қызу талқылануда.




