Криштиану Роналду ойнайтын клубқа қатысты жаза: ФИФА жаңа шешім қабылдады.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубына жаңа футболшыларды алу және тіркеуге қойылған тыйымды алып тастады. Бұл туралы dailykz хабарлайды.
Атақты журналист әрі инсайдер Фабрицио Романо X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде Криштиану Роналду өнер көрсететін клубтың жағдайына қатысты ақпаратпен бөлісті.
Оның мәліметінше, ФИФА клубтың барлық талаптарға толық сәйкес келетінін мойындап, бұрын енгізілген шектеулердің барлығын жойған. Сондай-ақ Романо ФИФА-ның ресми сайтында «Аль-Насрдың» трансферлік тыйым салынған клубтар тізімінде жоқ екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду ойнайтын саудиялық «Аль-Наср» клубына жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынғаны белгілі болған еді. Бұл санкциялар 19 желтоқсаннан бастап күшіне енді. Ресми себеп көрсетілмегенімен, мұндай жағдайлар көбіне трансферлер бойынша қарыздарға байланысты туындайды.




