Куат Хамитов UFC жұлдыздары қатысатын турнирдің жүргізушісі болады.

Танымал қазақстандық ММА файтері Куат Хамитов Hype FC лигасының турниріне жүргізуші ретінде шақырылды. Аталған жарыста кештің басты жекпе-жегінде UFC жұлдыздары кездеседі, деп хабарлайды dailykz.
Лиганың Instagram желісіндегі ресми парақшасында «Найман» лақап атымен танымал Хамитовтың Ереванда өтетін турнирдің жүргізушісі болатыны жарияланды. Турнир 30 желтоқсан күні өтеді.
Айта кету керек, кештің басты оқиғасында UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде бірінші орында тұрған, сондай-ақ әлемдегі ең үздік лигада чемпиондық белбеуге үміткер болған Арман Царукян мен орта салмақта өнер көрсететін UFC жұлдызы Шарабутдин «Шара Буллет» Магомедов күш сынасады. Магомедов бұған дейін 84 келіге дейінгі салмақта топ-15 қатарында болған.
Ереванда өтетін бұл кездесуде спортшылар бразилиялық джиу-джитсу ережесі бойынша белдеседі. Мұндай формат жанкүйерлер үшін ерекше қызығушылық тудыратыны сөзсіз.




