Марин Томасов қазақстан азаматтығын алады деген ақпаратты жоққа шығарды » DailyKz
Новости Спорта

Марин Томасов қазақстан азаматтығын алады деген ақпаратты жоққа шығарды

Хорватиялық футболшы, елордалық «Астана» клубының шабуылшысы Марин Томасов Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы dailykz Aladop.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін бірқатар БАҚ-та астаналық команданың капитаны жақын уақытта Қазақстан азаматтығын алуды жоспарлап отырғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Алайда 2018 жылдан бері «Астана» сапында ойнап жүрген Марин Томасов бұл мәліметті жоққа шығарды. Футболшы мұндай әңгімелерді алғаш рет естіп отырғанын айтып, олардың ешқандай ресми негізі жоқ екенін атап өтті.

Томасов «Астана» құрамында өнер көрсеткен жылдары барлық турнирлерде 298 матчқа қатысып, 122 гол соғып, 113 нәтижелі пас берген. Ол елордалық клубпен бірге төрт рет Қазақстан чемпионы атанып, Лига кубогы мен ел Суперкубогын жеңіп алған.

Related Articles

Back to top button