«Матчтарды Астанаға көшіргеніміз бекер болды»: «Қайрат» Чемпиондар лигасы ойындарын Алматыдан шығарғанына өкінді » DailyKz
Новости Спорта

«Матчтарды Астанаға көшіргеніміз бекер болды»: «Қайрат» Чемпиондар лигасы ойындарын Алматыдан шығарғанына өкінді

Матчтарды Астанаға көшіру шешімі алматылық «Қайрат» футбол клубы үшін қателік болған. Бұл туралы клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды dailykz, Qsport YouTube-арнасына сілтеме жасап.

«Қайрат» енді басқа қалада ойнамайды

Сұхбат барысында Қайрат Боранбаев Алматыда жаңа стадионның жобалау жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Сонымен қатар, ол клубтың алдағы уақытта өз матчтарын басқа қалаларға көшірмейтінін нақты жеткізді.

— Қазір біз Астанаға көшкеніміздің бекер болғанын түсініп отырмыз. Футбол тұрғысынан алғанда, мүмкін, бұл дұрыс шешім болған шығар. Бірақ біз Алматыдағы Орталық стадионда да ойнай алатын едік. Ең алдымен жанкүйерлерімізді ойладық. Енді бір нәрсені анық айта аламын: «Қайрат» енді Астанаға барып ойнамайды. Көрермендер бізге емес, ауа райына ренжісін, — деді Боранбаев.

Астана стадионына шағым жоқ, бірақ…

Клуб басшысы елордадағы стадионға қатысты ешқандай наразылығы жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, УЕФА тарапынан айтылған жалғыз ескерту — жасанды жабын болған.

«Брюггеге» қарсы ойын антирекорд орнатты

Еске сала кетейік, бельгиялық «Брюгге» клубына қарсы өткен матч қазақстандық «Қайрат» үшін УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ең төмен көрермен жиналған ойын болды. Кездесуге бар-жоғы 11 324 адам келген. Ал Астанадағы стадионның сыйымдылығы — 30 мың көрермен. Нәтижесінде арена небәрі 38 пайызға ғана толды. Қонақ команданың жанкүйерлеріне арнайы сектор да бөлінген.

Related Articles

Back to top button