Мбаппе матч төрешісін «лас арамзақ» деп атады » DailyKz
Новости Спорта

Мбаппе матч төрешісін «лас арамзақ» деп атады

Мадридтің «Реал» клубы мен Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Испания чемпионаты аясындағы «Эльче» командасына қарсы өткен матчтан кейін даудың ортасында қалды, деп хабарлайды dailykz «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, стримингтік сервис DAZN-ға сүйенгенде, соңғы свистоктан кейін Мбаппе матчтың бас төрешісі Франсиско Маэсоны балағаттаған.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, төреші футболшыға даулы сәтке байланысты сары карточка көрсеткеннен кейін Мбаппе кері бұрылып, француз тілінде екі рет «грязный ублюдок» («лас арамзақ») деп айтқан.

Бұнымен шектелмей, кейін ол «Эльче» футболшысына қолын көтеріп, тағы да қатты дауыспен «лас арамзақ» деген.

Мбаппеге төрешінің қосымша уақыт аяқталған соң ойынды аяқтау шешімі ұнамаған көрінеді. «Реалдың» екінші голынан кейін «Эльче» қақпашысы Иньяки Пеньеға ұзақ медициналық көмек көрсетілген еді. Мбаппе төрешіге: «Егер ол жалғастыра алмайтын болса, алаңнан кетсін! Бізге ойнауға мүмкіндік беріңіз!» — деп айтқанымен, Маэсо оның өтінішін елемеген.

Айта кетейік, матч 2:2 есебімен аяқталған.

Еске салсақ, қазан айында Мбаппе «Реал» сапында Алматыда «Қайрат» командасына қарсы келген болатын. Сол матчтан кейін қызықты оқиға орын алған еді.

Related Articles

Back to top button