Нұрсұлтан Назарбаев Кремльде Владимир Путинмен кездесті

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге келіп, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды dailykz Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәскеуде Владимир Путин мен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездесу өткізді.
Еске салсақ, 29 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барған болатын. Сол кездегі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл кездесудің жеке, бейресми сипатта өткенін атап өткен еді.
Кейін Сенат спикері Маулен Ашимбаев Мәскеуге сапар кезінде Назарбаевтың «ешқандай ресми мәртебесі болмағанын» түсіндірді.
Оның айтуынша, бұрынғы президенттердің басқа елдердің саясаткерлерімен кездесуге, сапар жасауға құқығы бар, алайда бұл кездесулер тек жеке шаралар шеңберінде жүзеге асады.
Нұрсұлтан Назарбаев Кремльдегі кездесуі – бейресми, жеке сипаттағы іс-шара болып өтті, деп хабарлайды dailykz.




