Қазақстанда Ресей мен Беларусьтен келетін көліктерге утильсбор өседі: жаңа тарифтер жарияланды

Қазақстанның Өнеркәсіп министрлігінде Ресей мен Беларусьтен әкелінетін автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасына арналған утильсбор өсетінін растады, деп хабарлайды dailykz.
Телеканал мәліметіне сәйкес, министрлікте ресми түрде Қазақстанда Ресей мен Беларусьтен келетін көліктер мен ауыл шаруашылығы техникасына утильсбор көтерілетіні расталды. Бұл шешімді елдерде Қазақстаннан әкелінетін көліктерге қосымша төлемдер алынатындығымен байланыстырады. Мақсат – параллель импорт мүмкіндіктерін шектеу.
«Қазақстаннан Ресей мен Беларуське экспортталатын көліктер үшін утильсбор есептелгенде, сол елдерде белгіленген тарифке қосымша Қазақстанда төленген кеден бажы, ҚҚС және акциздер арасындағы айырмашылық та алынады», – деп түсіндірді министрлікте.
Жаңа тарифтер
Қазақстанда өндірілген көліктер мен басқа елдерден әкелінген көліктер үшін шарттар өзгеріссіз қалады. Ал Ресей мен Беларусьтен келетін электромобильдерге тариф нөлден 2 млн теңгеге дейін өседі.
2–3 литрлік қозғалтқышы бар көліктерге утильсбор шамамен 1 млн-нан 32 млн теңгеге дейін, ал 3 литрден асатын көліктерге, соның ішінде ауыл шаруашылығы техникасына – 2,5 млн-нан 48 млн теңгеге дейін көтеріледі.
Сарапшы пікірі
Сарапшылар бұл жағдайды күрделі деп бағалайды, себебі кеден одағы ішінде тауарлар мен қызметтерді алмасу жеңілдетілуі тиіс. Дегенмен, жеңіл көлік нарығына бұл өзгеріс көп әсер етпейді. Қазақстандықтар Ресей мен Беларусьтен жеңіл көліктерді сирек әкеледі. Ал ауыл шаруашылығы техникасы жағдайы бөлек.
«Енді біздің аграрийлер осы техникасыз қалады. Мысалы, кейбір техника Қазақстанда жиналуы мүмкін, бірақ Белаз немесе карьерлік самосвалдарды әкеле алмаймыз. Бұл бірегей өнім болғандықтан, оны қытайлықтардан сатып алуымызға тура келеді», – деді сарапшы Алексей Алексеев.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда Ресей мен Беларусьтен келетін көліктерге арналған утильсбор есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізу жоспарланып жатқанын жазған болатынбыз.




