Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Самоделкина төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламадан кейін топ-10-ға енді

Пекин қаласында 2026 жылғы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты басталды. Әйелдер арасындағы жекелей жарыста Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетті, деп хабарлайды dailykz тілшісі.
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада 62,29 ұпай жинап, аралық есепте тоғызыншы орынға тұрақтады. Ол қос аксельді таза орындады. Алайда басқа секіру элементтері кезінде төрешілер ұпайды азайтты: үштік флипте қырдың анық болмауы тіркелсе, үштік тулупта (үштік флиппен каскадта) толық айналмау байқалды.
Қазақстандық тағы бір спортшы Амира Ирматова 42,40 ұпаймен 21-орынға (алдынғы соңғы) орналасты. Соған қарамастан, ол да еркін бағдарламаға жолдама алды.
Қысқа бағдарламаның көшбасшысы жапониялық Ами Накаи болды. Ол үштік аксельді қателікпен орындағанымен, 73,83 ұпай жинады. Айта кетейік, үштік аксель – әйелдер үшін қысқа бағдарламада рұқсат етілген ультра-си (өте жоғары күрделілік) санатындағы жалғыз элемент. Ами Накаи – осы маусымдағы Гран-при финалының күміс жүлдегері.
Үздік үштікке Жапонияның өзге де өкілдері кірді: Юна Аоки (71,41 ұпай) және Монэ Тиба (68,07 ұпай). Монэ Тиба қысқа бағдарламада үштік лутцте құлап қалды.
Әйелдер арасындағы жекелей сынның қорытынды нәтижелері 23 қаңтарда белгілі болады. Бұл күні еркін бағдарламалар өтеді. Төрт құрлық чемпионатына Еуропадан тыс елдердің мәнерлеп сырғанаушылары қатысады.




