Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар маусымдағы ең үздік нәтижемен Төрт құрлық чемпионатында 12-орын алды » DailyKz
Blog

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар маусымдағы ең үздік нәтижемен Төрт құрлық чемпионатында 12-орын алды

Қазақстандық спортшылар Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев 2026 жылғы Төрт құрлық чемпионатында мұздағы би бағдарламасы бойынша үздік ондыққа ене алмады, деп хабарлайды dailykz тілшісі.

Жарыс Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатыр. Наурызова мен Датиев бұл дисциплинада Қазақстан атынан өнер көрсеткен жалғыз жұп болды.

Ритм-биден кейін қазақстандық дуэт 12-орында тұрақтаған еді. Еркін бағдарламада олар 84,95 ұпай жинап, бұл көрсеткіш маусымдағы ең жоғары нәтижесі ретінде тіркелді.

Қос бағдарлама қорытындысы бойынша Наурызова мен Датиевтің жалпы ұпайы 137,34 болды. Осылайша, олар 12-орынды сақтап қалды және жиынтық есепте де маусымдағы ең үздік нәтижесін көрсетті. Айта кетейік, өткен жылы қазақстандық жұп Төрт құрлық чемпионатында 13-орынға ие болған.

Бейжіңде мұздағы билер сайысында барлығы 15 дуэт бақ сынады. Барлық жүлдені АҚШ өкілдері иеленді. Алтын медальді Эмилия Зингас пен Вадим Колесник (202,86 ұпай) жеңіп алды. Күміс жүлде Кэролайн Грин мен Майкл Парсонсқа (194,72), ал қола медаль Уна мен Гейдж Браундарға (190,78) бұйырды.

Related Articles

Back to top button