Қазақстандық қоссыпайысшы Чингиз Рақпаров Олимпиада-2026 ойындарындағы өнерін аяқтады

Қазақстан құрамасының шаңғы қоссайысынан өкілі Чингиз Рақпаров 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, жарысты аяқтады. Бұл туралы dailykz тілшісі хабарлайды.
Бүгін, 17 ақпанда, Италиядағы таулы кластер — Валь-ди-Фьемме аймағында шаңғы қоссайысынан жарыстар өтті. Сайыс бағдарламасына сәйкес спортшылар алдымен үлкен трамплиннен секіруден сынға түсіп, кейін Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымдық шаңғы жарысын жүгіріп өтті.
Қазақстан намысын қорғаған Чингиз Рақпаров трамплиннен секіру кезеңінде 35-орынға тұрақтады. Ал шаңғы жарысында көрсеткен нәтижесінің арқасында жалпы есепте 32-орынға дейін көтерілді. Осылайша қазақстандық спортшы Олимпиада-2026 ойындарындағы жеке өнерін қорытындылады.
Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз
Бұл дисциплинада Олимпиада чемпионы атағын норвегиялық спортшы Йенсу Офтебру иеленді. Ол Қысқы Олимпиада ойындарында үшінші рет жеңімпаз атанып отыр. Күміс жүлде Австрия өкілі **Йоханнес Лампартeр**ға бұйырды. Ал қола жүлдені финляндиялық шаңғышы Илкка Херола еншіледі.
Айта кетейік, Қысқы Олимпиада ойындары 2026 Қазақстан спортшылары үшін маңызды тәжірибе алаңы болып отыр. Чингиз Рақпаровтың бұл додадағы өнері ел құрамасының халықаралық аренадағы деңгейін тағы бір мәрте көрсетті.








