Сабина Алтынбекова Ана Иванович пен Наоми Осакамен бір тізімге енді

«Спорт-Экспресс» басылымы 2025 жылдың қорытындысын шығарып, ең күтпеген ажырасулар тізімін жариялады. Бұл қатарға қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың ажырасуы да енді. Бұл туралы dailykz хабарлайды.
Жылдың ең тосын ажырасуларының ішінде футболшы Бастиан Швайнштайгер мен бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Ана Иванович, рэпер Cordae мен теннисші Наоми Осака, сондай-ақ әйгілі бапкер Хосеп Гвардиола мен оның бұрынғы жұбайы Кристина Серра бар.
Материалда Сабина Алтынбекова мен кәсіпкер Саят Салманұлының отбасылық тарихы да егжей-тегжейлі баяндалған. Ерлі-зайыптылар 2020 жылы шаңырақ көтеріп, бір жылдан кейін ұлды болған.
Басылым мәліметінше, спортшы үшін бақытты отбасы құру оңайға соқпаған. Қарым-қатынастағы қиындықтар 2023 жылы басталған: сол кезде Сабина жұбайымен түскен барлық ортақ суреттерді әлеуметтік желіден өшірген. Күйеуінен алыстау шешімін ол жанкүйерлеріне «көз тимесін» деген ниетпен түсіндірген.
Бірнеше жыл бойы Сабина Алтынбекова мен Саят Салманұлы отбасын сақтап қалуға тырысқанымен, нәтиже болмаған. 2025 жылдың наурыз айында волейболшы әлеуметтік желіде жазба жариялап, кәсіпкермен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, биылғы наурызда Қазақстандағы ең сұлу волейболшылардың бірі атанған Сабина Алтынбекова продюсер Саят Тостықбаевпен ажырасқанын жариялаған болатын. Кейін ол болашақ таңдаулысына қоятын талаптарымен де бөлісті.
Бұған дейін спортшы бұрынғы жұбайымен қалай танысқанын айтып, тұрмыс құру оның өмірін түбегейлі өзгерткенін мойындаған. 2021 жылдың қазан айында ерлі-зайыптылардың ұлы дүниеге келген.
Сабина Алтынбекованың ажырасуы Ана Иванович пен Наоми Осакамен қатар аталып, 2025 жылдың ең күтпеген оқиғаларының бірі болды.




