Шавкат Рахмонов операциядан кейін жаттығуға кіріспеді – менеджері фейкті жоққа шығарды » DailyKz
Новости Спорта

Шавкат Рахмонов операциядан кейін жаттығуға кіріспеді – менеджері фейкті жоққа шығарды

Шавкат Рахмонов операциядан кейін жаттығуға қайта кірісті деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы спортшының менеджері Дэниэл Рубинштейн мәлімдеп, әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға түсініктеме берді, деп хабарлайды dailykz.

X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі танымал The Combat Sport Poll Guy аккаунтында Шавкат Рахмоновтың жаттығу залындағы видеосы жарияланған. Жазба сипаттамасында қазақстандық файтер операциядан кейін де дайындықты бастап кеткені айтылған.

Алайда бұл мәліметті Рахмоновтың менеджері бірден жоққа шығарды. Дэниэл Рубинштейннің айтуынша, тараған видео – ескі жазба.

«Жетеді. Бұл видеоға кемінде екі жыл болды. Ол Performance Institute орталығында, Гэрримен жекпе-жекке дейін түсірілген. Шавкат енді ғана операциядан өтті және кемінде алты ай бойы кілемге оралмайды», – деп жазды менеджер.

Бұған дейін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың ұзақ үзілістен кейін тағы бір жарақат алғаны хабарланған еді. Соның салдарынан оның октагонға қайта шығуы шамамен бір жылға кейінге шегерілді.

UFC рейтингтері жаңартылған соң, Рахмонов жартылай орта салмақтағы ТОП тізімнен шығарылды. Жаңа жарақат туралы ақпаратқа дейін ол екінші орында болып, чемпиондық белбеуге басты үміткерлердің бірі саналатын.

Related Articles

Back to top button