«Сұлулық үшін»: танымал гимнаст шағын бикинимен фотосессия жасады

Сұлулық үшін жасалған жағажайлық кадрлар желі қолданушыларының назарын аударды. Спорттық гимнастикадан Олимпиада чемпионы Ангелина Мельникова Маврикий аралынан түсірілген жаңа фотоларымен бөлісті. Демалыста жүрген спортшы жанкүйерлерін қуантуды ұмытпаған. Бұл туралы dailykz хабарлайды.
Фотосуреттер гимнасттың жеке Instagram парақшасында жарияланды. Жазбасында ол алдағы жарыстарға дайындық басталғанын, бірақ әзірге жағажайлық контент салатынын атап өтті.
«Алда бір айдан кейін өтетін жарыстарға дайындық басталды. Бірақ контент жағажайлық болады — сұлулық үшін», — деп жазды Мельникова.
Суреттерде Ангелина қара түсті бикинимен, тізесіне дейін суға кіріп тұрған сәтте бейнеленген. Чемпион спортшының жинақы әрі күнге күйген сымбаты көпшіліктің назарын бірден аударды.
Пікірлер бөлімінде жанкүйерлер жылы лебіздерін жаудырды:
«Ғажап Геля», «Осындай контентті көбірек салшы», «Нағыз өнер», «Әлемдегі ең әдемі спортшы», «Тура су перісіндей», — деп жазды олар.
Сұлулық үшін жасалған жағажайлық фотолар әлеуметтік желіде қызу талқыланып, гимнасттың жанкүйерлерін тағы бір мәрте тәнті етті.




