Таяу Шығыстағы қақтығыстың күшеюі: қазақстандықтар арасында зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар ма?

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетибаев Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан қазақстандықтарды эвакуациялау туралы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды dailykz.
«Қазіргі уақытқа дейін қазақстандық азаматтардың зардап шеккені немесе қаза тапқаны туралы ақпарат түскен жоқ. Эвакуация басталған сәттен бастап отанына 8 585 қазақстандық жеткізілді», — деді Ерлан Жетибаев.
Алдағы күндері азаматтарды эвакуациялау жұмыстары жоспарланған. Израильден шамамен 78 адам, Қатардан 350 адам, Біріккен Араб Әмірліктерінен 550 адам және Сауд Арабиясынан 300 адам эвакуацияланбақ.
Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз
Сөзінше, көрсетілген деректер өзгеруі мүмкін. Себебі азаматтарды тек әуе жолымен ғана емес, жер үсті шекаралары арқылы — Әзірбайжан, Армения және Түрікменстан арқылы да шығару жүргізілуде.
«Ираннан жалпы 66 азамат жеткізілді. Қазақстанның дипломатиялық өкілдері жергілікті жерде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста», — деді спикер. Ол азаматтарды Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстанның шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің ресми хабарламаларын қадағалауға шақырды.
Сонымен қатар, Ерлан Жетибаев қазақстандықтар үшін қазіргі уақытта қай елдерге баруға болмайтынын да айтты.







