Тоқаев билік транзиті туралы сұраққа жауап берді » DailyKz
Новости Казахстана

Тоқаев билік транзиті туралы сұраққа жауап берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында билік транзиті мәселесіне тоқталып, биылғы жылға арналған саяси жоспарлары жайында айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап dailykz хабарлайды.

Мемлекет басшысына билік транзиті тақырыбы қашан өзекті болатыны жөнінде сұрақ қойылды. Президент бұл мәселені талқылауға әлі ерте екенін нақты айтты.

«Бұл туралы айтуға әлі ерте. Алда бірнеше жылға созылатын табанды жұмыс күтіп тұр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сұхбат барысында журналист қазақстандықтарды алдағы жылы саяси тұрғыда не күтіп тұрғанын да сұрады.

Президенттің айтуынша, бұл жыл ел тарихында айрықша маңызға ие болмақ.

«Қазірдің өзінде айта аламын: бұл жыл еліміз үшін тағдырлы кезең болады. Қазақстанның алдағы ондаған жылдардағы даму бағытын айқындайтын аса маңызды оқиғалар өтеді. Конституциялық реформа бойынша референдум өткізілетіні бұрыннан жарияланды. Қазір сарапшылар тобымен бірге Ата заңның жаңа редакциясына қатысты ұсыныстарды қарап жатырмыз. Өзгерістердің саны соншалық, жиынтығында бұл жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар деуге болады», – деп атап өтті Тоқаев.

Айта кетейік, осы сұхбат аясында Қасым-Жомарт Тоқаев билік транзиті тақырыбына қайта оралып, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі туралы да өз пікірін білдірген.

Президенттің сұхбатының толық нұсқасын dailykz сайтынан оқуға болады.

Related Articles

Back to top button