Тоқаев Израиль Президентіне телеграмма жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық холокост құрбандарын еске алу күніне орай телеграмма жолдады, деп хабарлайды dailykz Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорда мәлім еткендей, өз хатында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан миллиондаған кінәсіз құрбандардың естелігін терең құрметтейтінін атап өтті.
«Этникалық және діни қақтығыстар мен зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісін қатты айыптай отырып, біздің еліміз осындай қылмыстардың адамзатқа қарсы қайталанбауы үшін халықаралық қауымдастықтың бірлескен күш-жігерін қолдайды.
Холокост жылдары Қазақстанға көптеген еврейлер эвакуацияланды, және бүгінгі күні еврей қауымдастығы біздің қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады», – делінген телеграммада.
Еске салсақ, РИА Новости жазғандай, Холокост (Holocaust) – грек тілінен шыққан holocaustosis сөзінен, мағынасы «бүтіндей өртеп жіберу», «от арқылы жою», «отпен құрбандық шалу».
Қазіргі заманғы ғылыми әдебиет пен публицистикада бұл термин 1933-1945 жылдары нацистік Германия мен оның одақтастары мен көмегін пайдаланғандардың еврейлерді қудалау және жаппай жою саясатын білдіреді.




