Зарина Дияс Australian Open – 2026 турнирін алғашқы матчтан кейін аяқтады » DailyKz
Новости Спорта

Зарина Дияс Australian Open – 2026 турнирін алғашқы матчтан кейін аяқтады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс хард жабындысындағы «Үлкен дулыға» санатындағы Australian Open – 2026 турнирінде алғашқы айналым матчін өткізді, деп хабарлайды dailykz.

Әлемдік рейтингте 290-орында тұрған Зарина Дияс жарысқа wild card арқылы, яғни ұйымдастырушылардың арнайы шақыруымен қатысты. Оның алғашқы қарсыласы – әлемнің 26-ракеткасы, испаниялық Паула Бадоса болды.

Кездесу екі сетке ғана созылып, қазақстандық теннисшінің жеңілісімен аяқталды – 2:6, 4:6.

Матчтың жалпы уақыты 1 сағат 21 минутты құрады. Осы аралықта Зарина Дияс бір эйс жасап, үш қос қателікке жол берді. Сондай-ақ ол бес брейк-пойнттың біреуін ғана тиімді пайдаланды.

Осылайша, Зарина Дияс Australian Open – 2026 турниріндегі өнерін алғашқы айналымда аяқтады.

Зарина Дияс Australian Open – 2026 турнирін алғашқы матчтан кейін аяқтады

Related Articles

Back to top button