Жаңа Конституция – ұлттық мүдде мен адам құқықтарын қорғауға бағытталған сапалы құжат » DailyKz
Новости Казахстана

Жаңа Конституция – ұлттық мүдде мен адам құқықтарын қорғауға бағытталған сапалы құжат

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында «Қаладан — ауылға» өңірлік форумы басталды. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, Премьер-Министр кеңесшісі Ералы Тұғжанов, AMANAT партиясының хатшысы Эльдар Жумагазиев, Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы, Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов, Сенат депутаты Қайрат Тастекееев, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Қайрат Қошенов, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қалалар мен аудандар әкімдері, ауыл округтері мен кенттер әкімдері, басқарма жетекшілері, ірі фермерлік шаруашылық басшылары және Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының өкілдері қатысты.

Форумның ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімі Берік Уәли жаңа Конституция жобасының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары аясында әзірленген терең әрі сапалы құжат екенін атап өтті. Ол халықтың ұлттық мүддесін толық қорғауға және адам құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталғанын жеткізді.

«Бүгінгі кездесу тек ауыл шаруашылығы немесе жергілікті басқару мәселелерін талқылайтын алаң ғана емес, сонымен қатар елдің дамуының бағытын айқындайтын, мемлекет пен халықтың өзара жауапкершілігін көрсететін ірі форум», — деді ол.

Сізде шағым бар ма? Бізге жазыңыз

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа Конституцияны талқылау бір күн немесе бір айдың ісі болмаған. Қоғамда жарты жылдан астам уақыт бойы жан-жақты пікірталас жүргізілді. 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылып, оған білікті юристтер, сарапшылар және қоғамдық өкілдер кірген. Ең бастысы – шешімдерді тек Қазақстан азаматтары қабылдады, комиссия құрамында шетелдік мамандар болмаған.

Президент атап өткендей, өткен жылдың қазан айынан бастап азаматтарға өз ұсыныстарын ашық енгізуге мүмкіндік берілді. eGov және eOtinish платформалары арқылы мыңдаған ұсыныс түсті, олардың әрқайсысы мұқият қаралды. Комиссия жұмысы барынша ашық жүргізілді, талқылаулар тікелей эфирде көрсетілді. Бұған дейін елдегі реформалар халық қатысуымен және мұндай кең форматта талқыланбаған еді. Бұл – «Мемлекет халықтың дауысын еститін» қағидатының нақты жүзеге асуы.

Related Articles

Back to top button