Жаңа Конституция жобасы: екінші төлқұжаты бар азаматтардың азаматтығы тоқтатылуы мүмкін

Жаңа Конституция жобасы Қазақстанда қос немесе көп азаматтыққа тыйым салуды нақты бекітуді көздейді. Құжатта Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттердің азаматтығын иелене алмайтыны көрсетілген. Бұл туралы Конституциялық сотқа сілтеме жасап dailykz хабарлайды.
Жаңа Конституция жобасына сәйкес, Қазақстан азаматының өзге елдің төлқұжатының болуы оның Қазақстан азаматтығын тоқтатуға негіз бола алады. Осылайша, елде азаматтықтың біртұтастығы мен айқындығын күшейту мақсат етіліп отыр.
Конституцияның 12-бабы
1-тармақ.
Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады. Азаматтық оны алу негіздеріне қарамастан біртұтас әрі тең болып табылады.
2-тармақ.
Қазақстан Республикасының азаматын азаматтығынан айыруға, азаматтығын өзгерту құқығынан шектеуге немесе ел аумағынан қууға болмайды. Азаматтықтан айыру тек сот шешімімен, терроризм қылмыстарын жасағаны үшін немесе ұлттық мүдделерге ауыр зиян келтірген жағдайда ғана мүмкін.
3-тармақ.
Қазақстан Республикасының азаматы қос немесе көп азаматтыққа ие бола алмайды. Басқа мемлекеттің азаматтығының болуы Қазақстан азаматтығын тоқтатуға негіз болып саналады.
Айта кетейік, Қазақстанның жаңа Конституциясының алғашқы жобасы 31 қаңтар күні ресми түрде жарияланған. Құжат қоғамда кең талқылауға ұсынылып, елдің құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды өзгерістерді қамтиды.
