Жаңа Конституция жобасына тағы бір тармақ қосылды: қазақстандықтар не білуі керек » DailyKz
Новости Казахстана

Жаңа Конституция жобасына тағы бір тармақ қосылды: қазақстандықтар не білуі керек

Конституциялық соттың төраға орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында елдің негізгі заңына енгізілген жаңа түзетулер туралы айтып берді, деп хабарлайды dailykz.

Оның айтуынша, комиссияға волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту жөніндегі ұсыныстар түскен.

««Волонтерлік қызмет туралы» заңның бар екенін және азаматтардың мұқтаж жандарға көрсететін ақысыз, ерікті көмегінің маңызды рөлін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаудағы мәнін ескеріп, бұл ұсыныс қолдау тапты.

31-баптың 2-тармағына Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, басқа әлеуметтік қамтамасыз ету түрлері, волонтерлік қызмет пен қайырымдылыққа қолдау көрсетілетіндігі туралы толықтыру енгізілді», – деді Бақыт Нұрмұханов.

Ол бұл ұсыныс жобаның басқа баптарын, әсіресе Қазақстан Республикасының негізгі қағидалары мен преамбуланы логикалық түрде толықтыратынын атап өтті.

Related Articles

Back to top button