Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсу қарқыны 4 есеге азайды

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны төрт есеге төмендеді. Бұл туралы Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутігбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, биылғы 18 маусымдағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7,3%-дан 1,8%-ға дейін құрап, айтарлықтай төмендеген.
Бағаның өсуін тежеу және негізгі азық-түлік тауарларының қолжетімділігін арттыру мақсатында министрлік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін 31 позицияға дейін кеңейткен. Бұл шара азық-түлік инфляциясын сауда үстемеақыларын реттеу арқылы тежеуге ықпал етті. Жалпы, бағаны тұрақтандыру бойынша 93 іс-шараны қамтитын кешенді шаралардың нәтижесінде оң динамика байқалуда.
Бағаның өзгеруін болжау жұмыстары жандандырылып, ЕАЭО елдеріндегі баға динамикасы, әлемдік нарық жағдайы, сыртқы сауда шешімдері мен логистикалық факторлар талданады. Өңірлік комиссиялардың жұмысы күшейтіліп, электронды шот-фактуралар арқылы сауда заңнамасын бұзушылықтар анықталуда. Сондай-ақ, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытайдан әкелінетін импорттық жеткізілімдер үшін «жасыл дәліз» тетігі іске қосылған.
Ернұр Жәутігбаевтың айтуынша, жылдық азық-түлік инфляциясы қатарынан бесінші ай қатарынан баяулауда. Мамыр айының қорытындысы бойынша, ол желтоқсандағы 13,5%-ға қарағанда 10,7%-ға дейін төмендеген. Барлық азық-түлік тауарларына айлық баға өсімі 0,4%-ды құрап, бұл азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің өсу қарқынынан төмен. Отандық бизнеспен меморандумдар жасалып, сиыр еті, күнбағыс майы, жұмыртқа сияқты тауарларға нақты бағалар бекітілді. Қызанақ бағасын тұрақтандыру үшін ірі жылыжай шаруашылықтарымен ынтымақтастық меморандумдары дайындалуда.
Дереккөз: Kapital.kz








