2,6 млрд теңге таңқурай ақшасын жымқырған экс-депутат ісі сотқа жетті » DailyKz
Қазақстан жаңалықтары

2,6 млрд теңге таңқурай ақшасын жымқырған экс-депутат ісі сотқа жетті

Алматы облысында ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген 2,6 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Қарасай аудандық мәслихатының бұрынғы депутаты Бекет Әбішевке қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, тергеу жұмыстары аяқталып, іс сотқа жіберілді.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті өзінің ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибесі мен мемлекеттік субсидиялау тетіктерін пайдаланып, бюджет қаражатын заңсыз игеру схемасын ұйымдастырған. Бұл схемаға оның бақылауындағы кәсіпорындар мен Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында тіркелген 29 шаруа қожалығы тартылған. Агенттік мәліметтері бойынша, жалған құжаттар арқылы элиталық таңқурай көшеттерін сатып алу туралы жалған мәліметтер берілген. Бұл көшеттер өнеркәсіптік ауқымда жидек өсіруге арналған болып көрсетілсе де, іс жүзінде көрсетілген көлемде жеткізілмеген немесе кейбір шаруа қожалықтарының мұндай ауқымда таңқурай өсіруге мүмкіндігі болмаған.

Ақшаның бір бөлігі, атап айтқанда 491 миллион теңге, заңсыз субсидия ретінде алынып, қор нарығындағы операцияларға жұмсалған. Бұл мақсатта күдіктінің жұбайының атына брокерлік шот ашылып, арқылы қазақстандық және шетелдік компаниялардың бағалы қағаздары сатып алынған. Тағы 400 миллион теңге аффилиирленген iSolutions Capital микроқаржы ұйымына уақытша қаржылай көмек ретінде аударылып, кейіннен қолма-қол ақшаға айналдырылған. Сонымен қатар, күдікті 170 миллион теңгені казино ойындарына жұмсағандығы анықталды.

Қазіргі таңда үш күдікті қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына алынған. Тергеу барысында бұған дейін бұл іске Ауыл шаруашылығы министрлігінің бір департаментінің бұрынғы директоры Аимбетов Б.С.-ның да қатысы бар екені анықталған. Ол 2018–2022 жылдары Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезіндегі алаяқтық схемаларға белсенді араласқан. Күдіктілердің төрт пәтер, үш автокөлік, жеке тұрғын үй және бағалы қағаздар сияқты мүліктеріне тыйым салынды.

Дереккөз: Kapital.kz

Реклама

Реклама

Реклама

Related Articles

Back to top button