Тоқаев Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Менге туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы dailykz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасын Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі деп атап өтті. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталып, оның зор әлеуетін толық іске асыру қажет екенін атап көрсетті.
Сондай-ақ Президент кеңейтілген стратегиялық әріптестікті жаңа сапалы деңгейге көтеруге Қазақстанның дайын екенін растады және бұл бағытта бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Менге жауапты мемлекеттік қызметінде табыс тілеп, корей халқына бейбіт өмір, өсіп-өркендеу мен игілік тіледі.
Айта кетейік, биыл маусым айында Мемлекет басшысы Ли Чжэ Менді Корея Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтаған болатын.
Сонымен қатар кейінірек Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президенті Ли Чжэ Менмен телефон арқылы сөйлесіп, Кореяға ресми сапармен келуге шақырту алды.
Тоқаев Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады




