Жүргізуші, шопан, электрик: Тоқаев еңбек адамдарына мемлекеттік наградалар табыстады » DailyKz
Новости Казахстана

Жүргізуші, шопан, электрик: Тоқаев еңбек адамдарына мемлекеттік наградалар табыстады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының бір топ тұрғынына мемлекеттік наградалар табыстап, алғыс жариялады. Бұл туралы dailykz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ақорда мәліметінше, елдің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Мемлекет басшысы Жамбыл облысының еңбек адамдарына жоғары марапаттар табыстаған. Бұл — күнделікті еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген жандарға көрсетілген нақты құрмет.

«Еңбек Даңқы» орденінің ІІІ дәрежесімен марапатталғандар:

  • Байдильдаев Марат Тайтелиевич — «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС, Жамбыл ауданының электр желілері электригі;
  • Байтұрсынов Бақытбек Тұлымханович — «Бурненская молочная компания» ЖШС автокар жүргізушісі, Жуалы ауданы;
  • Өтениязов Сәдуақас Абдиназарұлы — «Talas Investment Company» ЖШС сорғы қондырғыларының машинисі, Талас ауданы;
  • Пичиневский Андрей Анатольевич — «Меркен ірімшік зауыты» ЖШС дәнекерлеушісі;
  • Сағындықов Жұмабек — «Жасыл Ел Тараз» ЖШС учаске жұмысшысы;
  • Сәтбаев Елубай — «ПОШ-Тараз фабрикасы» ЖШС автожүк тиегіш жүргізушісі, Тараз қаласы;
  • Тұранов Райм Мансурұлы — «Қазфосфат» ЖШС Тараз филиалы «Минералды тыңайтқыштар» бөлімшесінің слесарь-жөндеушісі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:

  • Жолымбеков Сайлаубек Пашайұлы — «Мерке-ет комбинаты» ЖШС мал дәрігері;
  • Голубцов Андрей Анатольевич — Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС АҚ энергоблок машинисі, Тараз қаласы;
  • Жуковская Татьяна Александровна — «Ali-Ko Sut 2023» ЖШС бас технологы, Жуалы ауданы;
  • Қожамқұлов Нұрталап Қуантәйұлы — «Рысбаева и Ко» ЖШС баспашысы, Тараз қаласы;
  • Сүгірбаева Шынар Асыранқұлқызы — «Амир и Д» ЖШС технологы, Тараз қаласы.

Бұл марапаттар — қарапайым, бірақ аса маңызды мамандық иелерінің еңбегі ел назарында екенін көрсетеді. Экономиканың тірегі де, болашақтың іргесі де осындай еңбек адамдарымен қаланады.

Жүргізуші, шопан, электрик: Тоқаев еңбек адамдарына мемлекеттік наградалар табыстады

Related Articles

Back to top button