Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин отбасының қосымша табысы туралы есеп берді

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі ресми сайтында мемлекеттік лауазымды тұлғалардың табысы жөніндегі мәліметтерді жариялады. Аталған тізімде ведомство басшысы Серік Жұманғарин мен оның отбасының кірістері де көрсетілген. Бұл туралы dailykz хабарлайды.
Министрлік сайтында жарияланған құжатта Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен оның жұбайы Сания Садықованың табыстары туралы есеп берілгені атап өтілген.
Көрсетілген мәліметтер 2024 жылға арналған есептік салық кезеңіне қатысты.
Құжатта көрсетілгендей, отбасының қосымша табысы инвестициялық қызметпен байланысты.
«Жалпы сома 88 678 984 теңгені құрайды. Бұл – бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялардан түскен кіріс, яғни алынған дивидендтер мен сыйақылар», – делінген ресми есепте.